52

Бақта таңқурай отырғызылған шаршы пішінді екі жер телімі бар, Бағбан ол жерлерді…

18 ноября 2021

Бақта таңқурай отырғызылған шаршы пішінді екі жер телімі бар, Бағбан ол жерлерді периметрін бойлай сыммен қоршады, Егер әр жер телімінің қабырғасы 5 метрге тең болса, бағбан қанша метр сым жұмсаған?

категория: математика



52

Көктемгі көгалдандыру науқаны еліміздің барлық аймақтарында қолға алынып, көшелерге көшеттер отырғызу, қоршаған ортаның тазалығын күту жұмыстары қарқын ала бастады. Аймақтағы қоршаған ортаның тазалығын сақтап, экологиялық жағдайын жақсартуда табиғатты қорғау, көгалдандыру ісіне облыс әкімі Бергей Рысқалиев ерекше назар қойып отыр. Осы тұрғыда өткен жылы облыс басшысының бастамасымен ауқымды шаралар жоспарланып, қоршаған орта сапасын халықаралық стандарттарға сай орнықтыруды көздеген жобалар жүзеге аса бастады. Мұның бірі аудан аймағындағы көгалдандыру ісіне белсене қатысқан жеке кәсіпкерлер Ержан Серікбаев пен Генади Бимановтың белсенділіктері көпке үлгі. Атап айтсақ, Ержанның мақсаты туған өлке табиғатын көріктендіріп, ауыл тұрғындарының жасыл бақта саялауына жағдай жасауды ойға алды. Ержанның бастамасымен Доссор елді мекенінің маңында «Жақсылық" саябағы орын тепті. Бүгінде жайқалып өсіп келе жатырған бақ ішінде балалар ойнайтын әткеншектер, тұрғындар демалып отыратын орындықтар жайғастырылып, тамаша көрік беріп тұр. Ал, Генадидің бағы Ескене елді мекенінде жеміс ағаштарымен толыстыруды мақсат етуде. Аудан аймағында көктемгі көгалдандыру ісі аудан басшылығының ықпалымен жоспарлы түрде жолға қойыла бастады. Кент көшелеріне көшеттер отырғызумен қатар жекелеген тұрғындар да тұрғын үй маңдарында тал егу жұмыстарына белсене кірісуде. Кент тұрғыны Жайберген Ғинаятов көктем шыға аула ішіндегі ағаштарды күтіп, түптерін қопсытумен қатар, жаңғыртып жас талдар отырғызуды әдетке айналдырған. Отбасының бағбаны атанған жан көктемді күзге жалғап, шағын ауласын көгалдандырумен машықтанады. Аула ішіндегі жеміс ағаштарының өнімін отбасы игілігіне айналдырып, табиғат берген сыйдың қадірін ұғынуды балаларымен немерелеріне жадылап, өзінің сүйікті ісін ұрпағына ұлықтауды мақсат етеді. «Бағбан болсаң бақ өсір, «балама» деп тағы өсір» дегендей, Жайберген ағамыз қазірдің өзінде ауласындағы көне теректерді кесіп, жаңадан жеміс ағаштарын отырғызуға кіріскен. Міне, осылайша ауыл тұрғындары қоршаған орта тазалығына ерекше мән беріп, үй маңдарына тал-теректер отырғызуға бейімділігі артса, көгалдандыру ісі оңтайлы нәтиже берері сөзсіз.л. нұрбаева.

Знаете ответ?


Есть интересный вопрос? Задайте его нашему сообществу, у нас наверняка найдется ответ!
Делитесь опытом и знаниями, зарабатывайте награды и репутацию, заводите новых интересных друзей!
Задавайте интересные вопросы, давайте качественные ответы и зарабатывайте деньги. Подробнее...